Инновациялар панорамасы

Бүгін, 22 ақпанда А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде инновациялар панорамасы басталды.

Инновациялар панорамасы – бұл кәсіби даму және университет оқытушысының педагогикалық құзыреттілігін арттыруға бағытталған ғылыми-әдістемелік шаралар топтамасы. Панорама бір айға созылады, осы аралықта университеттің әр институты өз бағдарламасын ұсынады.

Панорама аясында келесі бағыттар ұсынылады:

- жаһандық тенденциялар мен бағдарларды ескере отырып, сұранысқа ие құзыретті кадрларды даярлауды қамтамасыз ететін аймақ мүдделеріне бағытталған инновациялық қосымша білім беру бағдарламаларынын ұсыну;

- заманауи тәсілді жалпылау және таныту, оқытушылардың ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттілігін арттыру;

- білім беруде озық технологиялар мен инновацияларды интеграциялау.

Инновациялар айлығын ауылшаруашылық және педагогика институттары ашады. Бүгін бірқатар іс-шаралар өтеді, бұл туралы біз университет сайтында және университеттің әлеуметтік парақшаларында міндетті түрде хабарлайтын боламыз.

Қабылдау комиссиясы