object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-04-22 19:17:01.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Болашақ инженерлерге арналған ИННОВАЦИЯЛАР

ҚӨУ-дің машина жасау, энергетика және ақпараттық технологиялар факультетінде «Инновациялар панорамасы 2025» аясында сәуір айында бірқатар бастамалар жүзеге асырылды.

Білім беру бағдарламаларының мазмұнын талдау мақсатында дөңгелек үстелге жұмыс берушілер шақырылды («Агромашхолдинг KZ» АҚ, «Ростсельмаш» сервис орталығы» ЖШС, «НПЦ Агроинженерии» ЖШС)

Серіктестер студенттердің тәжірибеге бағытталған дайындығын күшейту мақсатындағы бірқатар ұсыныстарымен бөлісті.

«Инженерлік кадрларды даярлаудың заманауи мәселелері» атты халықаралық дөңгелек үстел онлайн форматта өтіп, әртүрлі елдердің оқытушылары мен жұмыс берушілерін біріктірді.

Ұйымдастырушылар – ҚӨУ-дің электроэнергетика кафедрасы, ҚҰЗТУ-ҚАИ «Восток» Чистополь филиалы және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті.

Инженерлік мамандықтарды жастар арасында насихаттау мақсатында факультет мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне арналған бейінді пәндер бойынша олимпиадалар ұйымдастырды.

Ал «ЗЭО «Астык» ЖШС базасындағы ашық зертханалық сабақ аясында студенттер болаттың өндірістік классификациясы мен таңбалануының ерекшеліктерін тәжірибе жүзінде меңгерді.

Қабылдау комиссиясы