ҚӨУ педагогикалық институтының студенттері мен оқытушылары STEM-зертхана базасында өткен шеберлік сабаққа атысты.
Іс-шара тілдер мен әдебиет теориясы кафедрасының апталығы аясында «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенттері мен оқытушыларына арналған.
Қостанай қаласындағы №7 мектептің STEM-зертханасында өткен шеберлік сабаққа қатысушылар «Цифрлық форматтағы заманауи мұғалім» тақырыбына талдау жасады.
Бүгінде нейрожелілер мен жасанды интеллектті қолдану саласы барлық бағытта, соның ішінде білім беру жүйесінде де қарқынды дамып келеді.
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Юлия Атоварова мен Елена Альмеева жасанды интеллект құралдарын мен белсенді оқыту әдістерін білім беру процесінде қолдану тәжірибесімен бөлісті.
Студенттер Songly Gift, Hedra, ChatGPT, Robotext.io платформалары негізінде құрылған қызықты жұмыс түрлерімен танысып қана қоймай, кейбір құралдарды тәжірибе жүзінде қолдана алды.
Шеберлік сабақтың практикалық бөлімі орыс тілі мен әдебиеті сабақтарының әр кезеңінде белсенді әдістерді қолдану бойынша топтық жұмыстармен аяқталды.