object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-03-10 02:24:45.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

ЖИ-дың кәсіби маманға көмегі

Baitursynuly University студенттері жасанды интеллектіні меңгеруде.

5 наурыздан бастап, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің инновациялық бағдарламасы аясында AI-Sana (жасанды интеллектіні енгізу) бойынша ҚӨУ-дің 8 мыңнан астам студенті ЖИ бойынша негізгі курстардан өтіп жатыр.

Курстар Astana Hub және Huawei сияқты жетекші білім беру платформаларында қолжетімді.

Біздің университетімізде Huawei АКТ академиясы жұмыс істейтіндіктен, көптеген студенттер осы платформада білім алуда.

Оқу тегін, әрі үш тілде: қазақша, орысша және ағылшынша жүргізіледі.

Курсты сәтті аяқтау сертификатпен расталады. Біздің студенттер бұл сертификаттарды алу жолында сенімді қадам жасап келеді.

Айта кету керек, бұл негізгі курстар студенттерге қазіргі заманғы технологияларды меңгеруге, күнделікті тапсырмаларды автоматтандыруға, жұмыс процесін жеңілдетуге және тиімділігін арттыруға көмектеседі.

Студенттер деректерді талдауды, заңдылықтарды табуды және шешімдер қабылдауды үйренуде.

Бұл дағдылар бүгінгі күні тек бағдарламашыларға ғана емес, экономистерге, маркетологтар мен биологтарға, дәрігерлер мен инженерлерге де қажет. Барлығы ЖИ-ды жұмысында тиімділік пен дәлдікті арттыру үшін қолдана алады.

Қабылдау комиссиясы