ЖИ ғылымға көмек ретінде

ҚӨУ-нің педагогикалық институтының жаратылыстану пәндері кафедрасында «Жасанды интеллект арқылы мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында шеберлік сабағы өтті.

Іс-шараны «Биология» және «Химия» білім беру бағдарламаларының 3 курс студенттері үшін кафедраның аға оқытушысы Мария Рулева ұйымдастырды. Спикері - «Озат» МАТМЛИ-нің биология пәнінің мұғалімі, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, сарапшы-педагог, «Jana Talap» жобасы аясындағы республикалық сертификатталған STEAM тренері Төлеміс Жұлдызай.

Студенттер «BioLab: жасанды интеллектпен саяхат» квестінен өту керек болды. Нәтижесінде олар төрт бірдей зертханалық жұмысты орындады. Сайыс барысында әрбір пәнаралық тапсырма негізгі құрал – жасанды интеллект көмекші (https://www.deepseek.com/, https://consensus.app, https://nearpod.com, https://quillbot.com ) арқылы жүзеге асырылды.

Іс-шараның мақсаты - жай ғана тапсырмаларды орындау емес, қорытынды жобаның және студенттің жеке әдістемелік түйіндемесінің бөлігі болатын бірегей тәжірибе мен практикалық әзірлемелерді жинақтау.

Квесттің соңғы бекетінде студенттер алдағы оқу-тәжірибесінде мектеп оқушыларына көрсете алатын шағын эксперименттер жүргізді.

Қабылдау комиссиясы