object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-21 19:31:32.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ИИ және STEAM-революция

Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогика институтының “жаратылыстандыру пәндері” кафедрасында “инновациялық зертхана” ашылды.

Сертификатталған STEAM-тренерлерінің сабағында Baitursynuly University студенттері инженерлік дизайн көмегімен өсімдіктерді автоматты суару жүйелерін, протездер, фитолампалар және тағы басқа модельдерді жасауды үйренді.

«STEAM технологиялары мен жасанды интеллектіні білім беру процесінде қолданудың ерекшеліктері» атты тренингті кафедраның аға оқытушылары Мария Рулева мен Аян Кожмухаметова «Биологияны оқыту әдістемесі» пәнінің  аясында ұйымдастырды.

Спикер ретінде “Озат” мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты мен А.М. Горький атындағы гимназияның биология пәні мұғалімдері қатысты.

Сонымен қатар, Жұлдызай Төлеміс және Ольга Жигадло «Jana Talap» жобасының сертификатталған STEAM-тренерлері, әрі біздің университетіміздің түлектері! Олар студенттерге биология және химия сабақтарында “жасанды интеллектіні қолдану мүмкіндіктері” мен  STEAM-технологияларының әртүрлі нұсқаларын таныстырды. Осының бәрін студенттер бірден тәжірибе жүзінде сынап көрді.

Қабылдау комиссиясы