object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-20 15:31:48.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ХХІ ғасырдың көшбасшысы

14 сәуір күні П.Чужинов атындағы экономика және құқық институты Ғылым күнін атап өтті. Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Айсұлу Мұханбетжанова мен психология кафедрасының аға оқытушысы Нұргүл Аубакирова «ХХІ ғасырдың көшбасшысы» атты интеллектуалдық ойын ұйымдастырды. Аталмыш кафедра студенттері іс-шараға белсенді ат салысып, тартысты ойын көрсетті.

Ойын шарты бойынша үш команда жасақталып, «Саяхатшылар», «Әлемнің тоғыз кереметі» «АТТ»командалары бірнеше турдан тұратын зияткерлік байқауда бақ сынасты. Командалар тарих, мәдениет, ғылым, логика бағыттары бойынша бәсекеге түсті. Білім мен біліктілік, жылдамдық пен қырағылық сынға түскен білім бәйгесі барынша тартысты өтті. Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың ғылымға деген қызығушылығын ояту,бәсекеге қабілеттілігін арттыру.  

Қабылдау комиссиясы