object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-20 00:32:53.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті халықаралық ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруда.

Бүгін Мәскеу психоанализ институтымен ынтымақтастық мәселелері бойынша онлайн конференция өтті.

Кездесу барысында студенттер мен оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығының болашағы мен тетіктері, қос дипломды бағдарламаны құрудағы ынтымақтастық, жүйелік отбасылық психотерапия, клиникалық психология, дефектология бағыттар бойынша оқытушылардың біліктілігін арттыру талқыланды.

Ресейлік әріптестер «Спорттағы психология», «Халықтың психикалық денсаулығы мемлекет дамуының тұрақтылығының шарты ретінде» атты Қостанай өңірлік университетінің конференцияларына қатысады.

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту – оқу орнының стратегиялық басымдығы. Ол

-университеттің халықаралық беделін нығайтуға,

-халықаралық байланыстарды құруға ықпал етуге;

-шетелдік әріптестердің тәжірибесін үйренуге көмектеседі.

Мұның бәрі университеттің басты мақсатына – білім сапасын жүйелі түрде жақсартуға көмектеседі.

Қабылдау комиссиясы