object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-20 17:52:38.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Халықаралық сайыста жүлдегер атанды

«Журналистика» ББ-нің 2 курс студенті Владимир Лакамов «Әлеуметтік PROFILE» шығармашылық жұмыстар байқауында жеңімпаз атанды. Ол «Әлеуметтік бейнероликтер» номинациясы бойынша ең креативті жобаны ұсынды. Владимир жобада көрсетілген анимацияны өзі жасады.

Беделді ресейлік PR-мамандар Владимир Лакамовтың еңбегін лайықты бағалап, 1-дәрежелі дипломмен марапаттады.

Биыл байқау «МедиаPROFILE-2022» ХХІ Халықаралық жарнама және қоғаммен байланыс жастар фестивалі аясында онлайн форматта өтті. Ұйымдастырушысы – Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің журналистика, жарнама және қоғаммен байланыс кафедрасы.

Естеріңізге сала кетейік, Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы мен Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің арасында халықаралық ынтымақтастық туралы келісім бар, соның арқасында студенттеріміз жыл сайын осындай байқауларға қатысып тұрады. Биыл кафедра студенттері «Жарнамалық PROFILE» және «Әлеуметтік PROFILE» номинациялары бойынша 6 жоба ұсынды.

Шығармашылық жеңістеріңіз көп болсын!

Қабылдау комиссиясы