object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 07:47:14.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ХІІ Республикалық студенттер олимпиадасындағы дефектолог студенттердің жеңісі

2020 жылдың 27 қарашасында «5В010500 (6В01901) Дефектология» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттерінің командасы, Сәуле Казкенова, Светлана Лифанова, Валерия Сухинина педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Л.Н. Лиходедованың жетекшілігімен К.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті базасында қашықтықтан өткен XII Республикалық студенттік пәндік олимпиадада 1 орынға ие болды.

XII Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың бағдарламасы «Арнайы білім беру саласында инновациялық технологияларды пайдалану» тақырыбы бойынша ғылыми жобаны қорғауды және «Арнайы педагогика» мен «Инклюзивті білім беру» пәндері бойынша теориялық білім деңгейін тестілеуді қамтыды.

Жобаны сәтті қорғап, тест тапсырмаларын орындағаннан кейін А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің педагогикалық институтының "Болашақ педагогтары" дефектолог-студенттер командасы XII Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың жеңімпазы атанды.

Кәсіби биіктерге жетуде табыс тілейміз!

Қабылдау комиссиясы