object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-20 10:29:56.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Гранттар мен жеңілдіктерге ие болған студенттер тізімі белгілі болды

ҚӨУ-нің Ғылыми кеңесінің шешімімен 2021 жылғы 22 қазандағы отырысында 2021-2022 оқу жылына оқу ақысын төлеу бойынша жеңілдіктер беру және Қазақстан Республикасы Президентінің шәкіртақысын 2021 жылдың екінші жартыжылдығына тағайындау қорытындылары бойынша білім алушылардың тізімдері бекітілді. Сондай-ақ, бірқатар студенттер жазғы емтихан сессиясында оқудағы жетістіктерін растамағандықтан, білім гранттарынан немесе оқу ақысы бойынша жеңілдіктерінен айырылды.

Егер грантқа және жеңілдікке өтініш білдірген студенттер өздерінің аты-жөнін грантқа ауыстырылғандар немесе оқу ақысы бойынша жеңілдік алатындар тізімінен таба алмаса, онда олар конкурсқа өте алмады немесе номинациялар критерийлеріне сәйкес келмеді дегенді білдіреді.

«Жәрдем», «Көмек» және «Табыс» номинациялары бойынша жеңілдікке тапсырған 1 курс студенттерінің өтініштері қысқы сессиядағы емтихан нәтижелері бойынша Ғылыми кеңестің қаңтардағы отырысында қаралады.  

Гранттар мен жеңілдіктерге ие болған студенттер тізімімен төмендегі сілтеме бойынша өтіп, таныса аласыздар: 

https://ksu.edu.kz/files/granti_i_lgoti/12-22-10-21.pdf 

 

Қабылдау комиссиясы