object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-23 17:32:29.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМДАР ДӘРІС ОҚЫДЫ

21 сәуір күні Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтта 7М01 педагогикалық ғылымдар білім беру бағдарламалары тобының магистранттарына Оңтүстік федералдық университетінің (Ресей) ғалымдары дәріс оқыды. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, инклюзивті білім беру және әлеуметтік-педагогикалық оңалту кафедрасының меңгерушісі Лилия Горюнова және педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, мансапты дамыту жөніндегі үйлестіру-талдау орталығының жетекші маманы Екатерина Землина «ЖОО-да студенттік жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері» тақырыбын қозғады.

Дәріс барысында жобалық іс-шараларды жүзеге асыру үрдісінің ерекшеліктері талқыланды, студенттердің әлеуметтік немесе технологиялық жобаларда жұмыс істеуі үшін қолданылатын қызметтер мен құралдарға баса назар аударылды. Шетелдік ғалымдар Оңтүстік федералдық университетінің инклюзивті білім беру және әлеуметтік-педагогикалық оңалту кафедрасы студенттерінің жобаларын мысалға ала отырып, студенттік идеяларды дамыту тәжірибелерімен бөлісті. Мәселен, мүмкіндігі шектеулі жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру бойынша тьюторлық қолдау көрсету TUTORPROF платформасы және көру қабілеті нашар, сондай-ақ зағип студенттерге арналған STRIGIDAE-виджет-дыбыстық көмекшісі, университет кітапханасының оқу-әдістемелік ресурстары жайында толық ақпарат берді.

Сонымен қатар екі университеттің оқытушылары бірлескен ғылыми іс-шаралар ұйымдастыру, Ресей мен Қазақстандағы ортақ мәселелерге байланысты ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша «айналық» зертхана құру жөнінде жоспар құрды, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Педагогика және психология кафедрасымен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде өзара әрекеттестіктің жол картасы жасалды.

 

Қабылдау комиссиясы