object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 15:26:39.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Мәскеуден келген профессор дәріс оқыды

19 қаңтар күні 7М01101-Педагогика және психология білім беру бағдарламасының магистранттары үшін Ресей Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Елена Бережнова дәріс оқыды.  

«Қолданбалы педагогикалық зерттеулер құрылымында ғылымнан тәжірибеге көшудің әдістемелік шарттары» тақырыбындағы дәріс барысында тыңдаушылардың назары білім саласындағы ғылыми қызметтің ерекшеліктеріне аударылды. Сондай-ақ қолданбалы зерттеу мәселелерінің негізгі көзі, түрлері, олардың уақыты мен мерзімділігі, мұғалімнің оқу-тәрбие процесінде қалай әрекет ету керектігін көрсететін тәжірибеге бағытталған ұсыныстар айтылды. Педагогикалық білім беру, жоғары оқу орындарының дидактикасы және педагогика ғылымының әдістемесі мәселелері де талқыланды. Магистранттардың назарына басқа да заманауи және өзекті ақпараттар ұсынылды. Сонымен қатар қонақпен алдағы уақытта бірлескен ғылыми шаралар ұйымдастыру көзделіп отыр.

Қабылдау комиссиясы