object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-20 03:27:28.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Күн шуақты Измирден қонақ

Baitursynuly University Эгей университетінің (Түркия) ғалымы Муваффак ДУРАНЛИ келді.

Шуақты Измирден келген қонақ ҚӨУ филология және практикалық лингвистика кафедрасының студенттері мен оқытушыларына дәріс оқиды. Муваффак Дуранлы ұзақ жылдар бойы Түркі әлемін зерттеу институтында қызмет етіп келеді. Ол түркі халықтарының мифологиясын, фольклорын, әдебиетін зерттейді.

Ғалымды ҚӨУ ректоры Сейтбек ҚУАНЫШБАЕВ қарсы алып, қонаққа оқу орны туралы айтып, табыс тіледі.

«Мен Қазақстанда да, Қостанайда да бірінші рет болып отырмын», - деді ғалым. – Алған әсерім ең жағымды. Сіздердің қалаларыңыз қандай таза және әдемі! Мұнда ескі архитектураның сақталып отырғаны қуантады. Адамдар туралы жеке айтқым келеді - ізгі ниетті, сыпайы, барлық сұрақтарға ықыласпен жауап береді.

Естеріңізге сала кетейік, ұстаздарымыз биыл Эгей университетінде тағылымдамадан өткен болатын. Түрік университетінен келген ғалымның жауап сапары халықаралық ынтымақтастықтың жаңа кезеңі болып табылады.

Қабылдау комиссиясы