ФРАНЦИЯДАН КЕЛГЕН ҚОНАҚ

Бүгін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің ректоры Сейтбек Қуанышбаев Францияның Ренн қаласындағы Жоғары саяси мектептің 3 курс студенті Adrien Mazenc-пен кездесті.

Адриен Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының шет тілдері және П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының шетел филологиясы кафедраларында тағылымдамадан өтеді. Тағылымдама мерзімі – 4 ай.

Тағылымдама аясында студенттермен француз тілінде мәдени іс-шаралар өткізу жоспарда бар.

Кездесу барысында тараптар пікір алмасып, университеттер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Адриен университет басшылығына жылы қарсы алғандары үшін алғыс айтты.

Қабылдау комиссиясы