object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-04-26 03:11:52.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ: жастардың дәуірі

Бүгін Baitursynuly University бітіруші курс студенттері мемлекеттік қызметтің жұмысын түсіндіруге бағытталған ауқымды іс-шараға қатыст

Кездесуді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы - Ерлан Салықбаев ашты. Ол жастарға мемлекетке қызмет ету – әрбір азамат үшін абыройлы міндет екенін еске салды. Бүгінде Қазақстанда мемлекеттік қызметте табысты мансап құру үшін барлық жағдай жасалған. Тек жауапкершілік пен бастамашылдық қажет.

Кездесу аясында дәл осындай – жауапты, бастамашыл әрі белсенді студенттер алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар тақырыптық TikTok-роликтердің үздік авторлары да өз марапаттарын алды.

Марапатталғандар қатарында ҚӨУ студенттері аз болмады. Құттықтаймыз! Осы бағыттан таймаңыздар!

Студенттер алдында Президенттік жастар кадр резервінің, Қостанай облысының Өңірлік кадр резервінің, «GPA 3.33» және «Дипломмен ауылға» бағдарламаларының қатысушылары сөз сөйледі. Жетістікке жеткен жерлестердің өмірінен алынған мысалдар арқылы студенттер барлығы өз қолдарында екенін ұғынды.

Тек өз жолыңды таңдап, алға ұмтылу қажет!

Біздің бітіруші түлектердің бұдан да биік белестерді бағындыратынына сенімдіміз.

Қабылдау комиссиясы