object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-25 15:55:01.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Инклюзия тақырыбына терең үңілу

Қазіргі білім беру жүйесінде инклюзияның маңызы артып келеді. Бұл әртүрлі мүмкіндіктері мен қажеттіліктері бар студенттерге арналған қолайлы оқу ортасын құру қажеттілігінен туындайды. Осы мақсатта Baitursynuly University-де оқытушылар үшін инклюзивті білім берудің әдістері мен тәсілдерін меңгеруге бағытталған біліктілікті арттыру курсы өтті.

«Жоғары кәсіби интеграцияланған инклюзивті білім беру моделін практикада жүзеге асыру» атты курсына университеттің 275 оқытушысы қатысты. Курсты инклюзивті білім беру және инновациялық білім беру технологиялары орталығы мен ҚӨУ-нің қосымша білім беру бөлімі ұйымдастырды.

Бұл курс инклюзия тақырыбының өзектілігін ескере отырып әзірленді және теориялық, практикалық бөлімдерді қамтыды. Оқытушылар инклюзивті білім беру тұжырымдамасымен, оның принциптерімен танысып, арнайы білімді қажет ететін студенттер үшін қолайлы оқу әдістемелерін зерттеді. Әр студенттің қажеттіліктеріне бейімделген педагогикалық тәсілдер қарастырылды.

Әсіресе, инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру, онда әр студент өзін жайлы сезініп, оқу процесіне белсенді түрде қатыса алатын қолайлы және қауіпсіз орта құру мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Оқытушылар студенттермен ғана емес, олардың ата-аналарымен және инклюзивті білім беру саласында жұмыс істейтін басқа мамандармен өзара әрекеттесуді үйренді.

Теориялық бөлім аяқталған соң, қатысушылар алған білімдерін рөлдік ойындар мен ситуациялық тапсырмаларда пайдаланып, қорытынды жобаларын қорғады.

Университет оқытушылары үшін инклюзивті білім беру курстарын өткізу - бұл қолжетімді және сапалы жоғары білім беруге бағытталған маңызды қадам. Алдағы уақытта осы бастамаларды жалғастыру және инклюзия тақырыбын тереңірек зерттеуге мүмкіндік беретін бағдарламаларды кеңейту жоспарлануда.

Қабылдау комиссиясы