Baitursynuly University-нің шетел филологиясы кафедрасында оқу жылы жаңа мүмкіндіктермен басталды!
Түркиядан келген профессор, әлеуметтік лингвистика саласындағы профессор, бір ай бойы дәріс береді.
Gülsüm Songül Ercan - Dokuz Eylul University филология факультетінің лингвистика кафедрасының қауымдыстырылған профессоры. Студенттер мен магистранттарға «Заманауи лингвистикалық мәселелері» тақырыбына дәрістер өткізеді.
Кафедра оқытушылары да халықаралық тәжірибені игеруде. Gülsüm Songül Ercan оларға біліктілікті арттыру курстарын өткізеді.
Айта кетейік, Baitursynuly University Түркия университеттерімен берік ғылыми және академиялық байланыс орнатқан. Өткен жылы ұстаздарымыз Түркияға тәжірибеден өтуге барды. Ал бұл жолы ҚӨУ-ке жауап сапарымен бірден үш шетелдік ғалым келді.