БАСТЫСТЫ МАҚСАТ– балаларды қоғамға қосу

Бүгін ҚӨУ-де «Инклюзивті саясаттан инклюзивті тәжірибеге көшу» атты семинар өтті.

Университетіміздің және облыс мектептерінің педагогтары ҚР-ның инклюзивті саясатын білім беру жүйесіне енгізудің өзекті аспектілерін, сондай-ақ педагогтардың инклюзивті құзыреттілігі мен қолданбалы құралдарды (ABA терапия) меңгеру қажеттілігіне қатысты мәселелерді талқылады.

Қазақстан баршаға қолжетімді білім беру жолында сенімді қадамдар жасауда.

Инклюзивті білім беру – жай ғана білім беру үрдісі емес, жүйелі деңгейде кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы керек қажеттілік.

Мектептерде инклюзивті кабинеттер ашылып, онда арнайы арнайы-мұғалімдер-дефектологтар, психологтар мен логопед мамандар, тьюторлар, мұғалімнің көмекшілері жұмыс істейді.

Семинарда Қостанай қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектептің инклюзияны қолдау кабинетінің әдіскері Айгүл Мұқашева өз мектебінде кабинеттің қалай ұйымдастырылғандығы туралы тәжірибесімен бөлісіп, мамандардың жұмыс әдістерін сипаттады:

- Біз баланың әу бастан болмаған дағдыларын толықтырамыз және оқу әрекетін қалыптастырамыз. Ең бастысы – балаларды қоғамға қосу.

Қостанай қаласының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі Жанара Дощанова балаларға жан-жақты қолдау мен көмек керек деді:

- Түзету технологиялары барлығына бірдей келе бермейді, әр баламен жеке жұмыс істеу қажет. Тек командалық жұмыс нәтиже береді.

Отбасы – команданың бір бөлігі. Баланың отбасын мамандармен тең дәрежеде қосқанда, дағдылары шыңдалады.

Сарапшылар өз тәжірибелерінен мысалдар келтіріп, инклюзиядағы жаңа технологиялар мен құралдар жайында айтты, ҚӨУ-нің педагогикалық институтының педагогика, психология және арнайы білім беру кафедрасының студенттеріне көптеген пайдалы ақпараттар берді.

Тәжірибелі мамандар университетімізде болашақ мұғалімдердің инклюзивті құзыреттілігіне және қолданбалы құралдарды (ABA терапиясы) меңгеру қажеттілігіне ерекше көңіл бөлетініне қуанышты екенін атап өтті. ҚӨУ түлектерін осы саланың дайын мамандары ретінде жұмысқа шақыратындықтарын айтты.

Қабылдау комиссиясы