object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-26 05:39:54.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

География пәні мұғалімдерінің съезі

Сәуірдің 9-ы күні Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Географиялық білім берудегі заманауи көзқарастар мен тәсілдер» атты география пәні мұғалімдерінің республикалық съезі болып, оған еліміздің барлық аймақтарынан 300-ден астам педагогтар қатысты. Форумға қатысушылар мен делегаттарды ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Кәринова құттықтады.

Съезд аясында 4 секция жұмыс істеді. Онда МЖМБС, типтік оқу бағдарламалары, үлгілік оқу бағдарламалары, оқулықтар, орта білімнің жаңартылған мазмұны; оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау; мектептегі туризм, өлкетану, табиғатты қорғау және ғылыми-зерттеу, жобалау жұмыстарын ұйымдастыру; география мұғалімдерін даярлау, олардың кәсіби біліктілігін арттыру және оларды аттестациялау, қазіргі мектептегі географияны оқыту жағдайының өзекті мәселелері белсенді талқыланды.

1-секцияның модераторы белгілі географ, педагогика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Ұлжалғас Есназарова болды.

Съезде осы және басқа да мәселелерді талқылауға А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің жаратылыстану ғылымдары кафедрасының меңгерушісі, педагогикалық білім магистрі Гауһар Баубекова қатысты.

Қабылдау комиссиясы