Кафедра апталығы аясында «Шетел филологиясы» кафедрасының оқытушылары Эльвира Медетова мен Маргарита Тричиктің ұйымдастыруымен француз тілін екінші шет тілі ретінде оқитын 2-3 курс студенттері арасында француз тілінен олимпиада өтті. Олимпиада жыл сайын 20 наурызда аталып өтетін халықаралық франкофония күніне арналды.
Интерактивті ойын нәтижесінде екінші турға Франция және франкофондық елдер туралы жақсы білетін үш студент өтті. Екінші шығармашылық байқауда студенттер берілген портреттерге күлкілі хабарламалар ойлап табулары керек болды. Барлық жауаптар қызықты әрі креативті болды! Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша Алена Набибулина, Ұлжан Жомартова, Линара Айдарбекова олимпиаданың жеңімпаздары болып танылды.