Baitursynuly University Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтында «Инновациялар панорамасы 2025» аясында білім беру бағдарламаларының мазмұнын заман талабына сай бейімдеу мақсатында кездесу өтті.
Форсайт-сессия форматында қатысушылар 6В01101/7М01101 «Педагогика және психология» бағдарламасының мазмұнын талқылады.
Іс-шараны педагогика, психология және арнайы білім беру кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы ұйымдастырды. ⠀
Сессияның негізгі мақсаттары:
Форсайт-сессияға кафедра оқытушылары, сондай-ақ аймақтағы білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты. Кездесу қорытындысы бойынша білім беру бағдарламасының мазмұнын түзетуге бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді.
Атап айтқанда, заман талабына сай келетін заманауи педагог пен психологтың жаңа құзырет үлгісін қалыптастыру қажеттілігі айтылды.
Іс-шара педагогикалық институттың білім беру бағдарламаларын дамытудағы маңызды кезең болды және академиялық қауымдастық пен кәсіби орта арасындағы диалогтың маңыздылығын көрсетті.