object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-09-15 19:24:25.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Түрікше БАҚЫТ формуласы

Биыл күзде ҚӨУ академиялық мобильдік бағдарламасы аясында Түркияның Uludağ университетінен профессор, доктор Абдулла Карасу қонақ болып келді.

Профессор – өсімдік шаруашылығы саласының танымал маманы.

Ол ҚӨУ-де, ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінде:

 «Агрономия» бағдарламасының студенттері үшін лекциялар жүргізді;

Оның келу мақсаты – тек академиялық ынтымақтастық емес, Қазақстанды көру болды.

Профессор балалық шақтағы қазақ балаларымен достығын жылы еске алды.

Сондай-ақ, түркі халықтарының жақындығын айтып, тіліміз, дәстүріміз бен мәдениетіміздің бізді біртұтас ететінін ерекше атап өтті.

ҚӨУ студенттеріне ол еңбекқорлық пен табандылық – жетістікке жетудің басты жолы екенін айтты.

Кездесуді ол бақыт формуласымен қорытындылады:

“İyi bir iş, iyi bir eş” – «Жақсы жұмыс пен сенімді серік – бақытты өмірдің кепілі».

Қабылдау комиссиясы