Іс-шараны Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-дың Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект орталығының мамандары университет оқытушыларымен бірлесіп ұйымдастырды. Кездесу Қостанай облысы білім басқармасының «AI & Robotics Lab: білім беру тәжірибелерін жобалау маршруты» атты семинар-практикумы аясында өтті.
Воркшоп барысында қатысушылар заманауи ЖИ-құралдарының мүмкіндіктерімен және оларды оқу үдерісінде практикалық қолдану жолдарымен танысты:
Педагогтарда ЖИ-ойлауды қалыптастыруға, жасанды интеллекттің оқытушыға қолдау көрсететін құрал ретіндегі рөлін түсінуге және мектеп білім беру жүйесінде цифрлық құзыреттерді дамытуға ерекше назар аударылды.
Baitursynuly University цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы озық тәжірибелерді белсенді түрде таратып келеді. Университет Қостанай облысы білім басқармасының ақпараттандыру және білім сапасын бағалаудың әдістемелік орталығымен жүйелі түрде ынтымақтасады. ҚӨУ педагогтардың жаңа буынын даярлау үшін ғылыми, әдістемелік және практикалық әлеуетті біріктіретін ЖИ-құзыреттерін дамыту бойынша өңірлік алаң ретінде әрекет етеді.
Осындай іс-шараларды өткізу білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізуге, адами капиталды дамытуға және өңірлік әрі республикалық деңгейде цифрлық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ұлттық AI-Sana инновациялық бағдарламасының міндеттеріне толық сәйкес келеді.
Университеттің «AI & Robotics Lab» семинар-практикумын жүзеге асыруға қатысуы AI-Sana идеяларын ілгерілетудегі белсенді ұстанымын және өңірдің білім беру ортасында жасанды интеллектті дамытуға бағытталған тұрақты экожүйені қалыптастыруға қосқан үлесін айқын көрсетеді.






