Әдістемелік инновациялар панорамасы аясында «Көптілді топтарда сабақ беру кезіндегі оқытудың белсенді әдістері» тақырыбында вебинар өтті, іс-шараны көптілділік орталығы жетекшісінің міндетін атқарушы Ольга Радчук және физика-математика ғылымдарының кандидаты, физика кафедрасының қауымдастырылған профессоры Алмагүл Қасымова, физика кафедрасының аға оқытушысы Юрий Мартинюк ұйымдастырды. Вебинар «Көптілді топтарда жұмыс жасайтын ЖОО оқытушыларына арналған әдістемелік инновациялардың панорамалары» айлығы аясында өтті және тілдік емес мамандықтардың студенттеріне ағылшын тілінде сабақ беру мәселесіне арналды.
Вебинардың басында Ольга Радчук үштілді білім берудің тарихы, мақсаттары және негізгі тәсілдері туралы, сондай-ақ біздің университетте көптілді білім беруді енгізу қалай жүзеге асқандығы туралы айтты. Ол көптілді білім - көптілді тұлғаны қалыптастырудың негізі, ал үш тілді меңгеру - біздің еліміздегі тіл саясатының негізі екенін атап өтті.
Юрий Мартинюк «Электроника және схемалық техника негіздері» пәнін оқыту тәжірибесі және көптілді топтарда тиімді қолданылған екі дәлелденген оқыту әдісі туралы айтты. Ал Алмагүл Қасымова физиканың әртүрлі салаларын ағылшын тілінде оқыту тәжірибесімен бөлісті. Ол ағылшын тілі мен ағылшын терминологиясының ерекшеліктерін сипаттауға және студенттерге кәсіби лексиканы үйретуге ерекше мән берді. Бұл өте маңызды, өйткені орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде кәсіби лексиканы қалыптастыру мен қолдануда әртүрлі тәсілдер қолданылады.