object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-20 17:27:23.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Физика пәнінен олимпиада

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті жыл сайын жоғары сынып оқушылары мен колледж түлектері үшін мектеп бағдарламасындағы пәндер бойынша қашықтықтан олимпиадалар өткізеді. Биылғы маусымның алғашқы олимпиадасы 31 наурыз бен 2 сәуір аралығында физика пәнінен өтті. Сайыс қорытындысы бүгін белгілі болды. Олимпиадаға ҚИНЭУ кәсіпкерлік колледжінің, Рудный музыкалық колледжі, Рудный құрылыс және көлік колледжі, Қостанай автомобиль көлігі колледжі, Тобыл ауылшаруашылық колледжінің студенттері мен қала және облыс мектептерінің оқушылары қатысты. Барлығы - 63 қатысушы физика пәнінен есептер шығарудан сайысқа түсті.

Олимпиаданы өткізудегі мақсат – жастардың зияткерлік әлеуетін арттыру және жаратылыстану ғылымдарының танымалдылық ауқымын кеңейту үшін ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану.

Олимпиада екі кезеңде өтті: біліктілік тестілеу және есептер шығару. Біліктілік тестінің қорытындысы бойынша олимпиаданың екінші кезеңіне 70 және одан жоғары балл жинаған 26 қатысушы өтті (100 баллдық шкала бойынша).

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша 159 ұпай жинаған (жоғарғы ұпай – 200) ҚИНЭУ Кәсіпкерлік колледжінің студенті Анатолий Рябоконь бірінші орынды жеңіп алды.

Екінші орын Санжар Нұрахметовке (Қостанай қ. № 7 мектеп), Елдана Жансаитоваға (Новошумная мектебі, Федоров ауданы) және Адия Мұқашеваға (Қостанай қ. № 15 мектеп) бұйырды.

Үшінші орынға Андрей Либ (Қостанай политехникалық жоғары колледжі), Полина Быкова мен Мадина Жұмабекова лайық деп танылды.

Жүлдегерлердің барлығы I, II, III дәрежелі дипломдарға ие болды, 2-кезеңнің қалған қатысушыларына сертификаттар табысталды.

Жеңімпаздар мен олардың жетекшілерін құттықтаймыз!

Барлық пәндік олимпиадалар https://md.ksu.edu.kz/ қашықтықтан оқыту порталында өткізіледі.   

Қабылдау комиссиясы