ҚӨУ бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасында дипломдық жобаларды қорғау креативтік бастамалардың тұсаукесеріне ұқсап кетеді.
Биылғы бітіретін курс студенттері әрі таңқалдырып, әрі қуантып жатыр.
Мысалы, Нурхан АҚЫЛБЕКОВТЫҢ жобасы – Baitursynuly University арналған «AR Жолнұсқа» мобильдік қосымша. Корпустардың виртуальдық картасы, кабинеттердің QR-код арқылы сәкестендірілуі немесе маршруттарды құру және таңдағанын көрсету. Бірінші курстықтарға мұндай навигатор әбден керек-ақ!
Асхат УМБЕТОВ толықтырылған нақтылық технологиясын (AR) пайдалана отырып, кафедра зертханасы үшін виртуальды ассистентті жасап шықты. Ол жабдықтарды сканерлеуге, 3D моделін қарауға, ақпараттар алуға, үйрету роликтерін жасауға, зертханалық ресурстарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Дамир ЯРУЛЛИННІҢ жобасы – толықтырылған нақтылық технологиясын (AR) пайдаланып жасаған нақты уақыттағы шахмат позициясын талдауға арналған мобильдік қосымша. Айтпақшы, Дамир тек бағдарлама жасаумен айналыспайды, ол халықаралық шахмат жарыстарына да қатысады.
Жанэля АСҚАР жобасында Торғай селосындағы әдебиет музейіне виртуалдық тур жасады. VR технологиясы мәдени құндылықтарға алыстан қол жетімді етіп, оны оқып білуге мүмкіндікті кеңейте түседі.
Аслан БЕРМАҒАМБЕТОВТЫҢ жобасы – қозғалыс, температура, ылғалдылық, газ бергіштерін пайдалана отырып жасаған Raspberry Pi базасындағы ақылды қауіпсіз үйдің жүйесі. Инфрақұрылым SMS, электрондық пошта және видеобақылау арқылы бақыланады. Аслан ҚАЛЫҚТЫҢ жобасы Bluetooth мобильдік қосымшасы арқылы басқарылатын Arduino платформасындағы мобильдік роботты көрсетеді.
Барлық жұмыстар бірауыздан 95-100 баллға бағаланды.
Мемлекеттік аттестациялық комиссияның төрағасы, ҚӨУ әріптесі, бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасының жұмыс берушісі Евгений ИНЖЕЕВ биылғы жыл түлектерінің деңгейін робототехника бойынша да, сондай –ақ толықтырылған нақтылық пен жасанды интеллект жасау бойынша да жоғары бағалады.
2025 түлектері соңғы жылдарғы ең мықтылар екендігі айтылды. Біздің жастарға алдағы уақытта табыстар тілейміз! Және магистратурада күтеміз!