object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-04-01 18:38:45.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК. Мектеп табалдырығынан бастап!

Астанада мектеп оқушылары мен студенттерге қаржылық қауіпсіздік негіздерін үйретуге арналған Қазақстан-Ресей форумы өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нурбек, сондай-ақ сарапшылар мен Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Форумда Baitursynuly University атынан әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Нұрлыхан Темірбеков сөз сөйледі.

Өз сөзінде министр Саясат Нурбек қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап өтті:

- Кибералаяқтықтың өсуі жағдайында біз университеттер мен мектептерде қаржылық қауіпсіздік бойынша курстар енгізе бастадық, олар маңызды тақырыптарды қарапайым тілмен түсіндіреді.

Сондай-ақ білікті мамандарды даярлау үшін халықаралық ынтымақтастықты жалғастыру аса маңызды.

Ресей Федерациясының Қаржылық мониторинг жөніндегі федералдық қызметінің директоры Юрий Чиханчин Қазақстан мен Ресей арасындағы қаржылық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы көпжылдық ынтымақтастық туралы өз пікірін білдірді.

Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары білім беру жүйесінде қаржылық қауіпсіздікті ілгерілету тәжірибелерімен бөлісті.

Қабылдау комиссиясы