object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-21 22:26:06.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

«Közqaras» деректі фильмдер фестивалі

23-27 қаңтар аралығында «Журналистика және коммуникациялық менеджмент» кафедрасы «Көзқарас» ашық онлайн деректі фильмдер фестивалін өткізеді. Фестивальге қатысушылар мен қонақтар үшін шеберлік сабақтары ұйымдастырылады, студенттердің конкурстық жұмыстары талқыланады.

Қазылар алқасының құрамында Қазақстанның белгілі режиссерлері мен журналистері бар, олар: Владимир Тюлькин, Бақыт Қайырбеков, Айгүл Черендинова, Ирина Грибовская және филология ғылымдарының докторы, профессор Асима Ишанова.

Байқауға қатысуға 4 университеттен 13 жұмыс келіп түсті. Қатысушылар - «Журналистика» және «Режиссура» білім беру бағдарламалары студенттері. Фестиваль қазақстандық деректі фильм авторларымен, олардың туындыларымен, сондай-ақ зерттеушілер мен режиссерлердің, журналистердің және әуесқой авторлардың түрлі көзқарастарымен танысуға мүмкіндік береді.

Фестиваль «Журналистика» білім беру бағдарламасының 3 курс докторанты Айнұр Сүлейменованың ғылыми-зерттеу жұмысы аясында өткізілуде.

Қабылдау комиссиясы