object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-07-22 19:43:46.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Енді ГЕРМАНИЯДА өтетін тәжірибе көбейеді

Бүгін халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Baitursynuly University мен LOGO одағы (Германия) арасында келісімге қол қойылды.

LOGO (Landwirtschaft und Ökologisches Gleichgewicht mit Osteuropa) –«Шығыс Европадағы ауыл шаруашылығы және экологиялық тепе-теңдік» коммерциялық емес одағы. ⠀

ҚӨУ тәжірибе алмасу және қостанайлық студенттердің ауыл шаруашылығы тәжірибесін Германияда өтуді ұйымдастыру мақсатында LOGO-мен бірінші жыл жұмыс істеп отырған жоқ.

Ынтымақтастық нәтижесін бағалап, келісімді ұзарту және оның мүмкіндіктерін кеңейту туралы бірлескен шешім қабылданды.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ ректоры Сейтбек Қуанышбаев пен LOGO төрағасы Хартвиг Меннен келісімге қол қойды және ауыл шаруашылығы бағытында өзара ынтымақтасудың жоғары тиімділігін атап өтт

Енді ҚӨУ-дің шет елде тәжірибе өткізетін студенттерінің қатары көбейе түседі.

Қабылдау комиссиясы