object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 18:02:53.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Бір жылда еуропалық диплом!

Baitursynov university Ұлы Витаутас университетімен (Литва) бірлесіп «Есеп және аудит» қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша талапкерлердің алғашқы қабылдауын іске қосады.

Бағдарламаның басты артықшылығы - Қостанай өңірлік университетінде 3 жыл және шетелде бір жыл оқу қағидаты бойынша небәрі 4 жыл оқу барысында бірден екі жоғары оқу орнының дипломын алу болып табылады.

Бүгінгі таңда Витаутас ұлы университеті өз студенттеріне сапалы білім беретін Литвадағы жетекші және ірі университеттердің бірі болып табылады. Университет әлемдік аренада халықаралық ынтымақтастыққа ашықтығымен танымал. Жыл сайын ЖОО түрлі халықаралық ғылыми жобаларды іске асырады және оған қатысады, сондай-ақ студенттермен ғана емес, оқытушылармен де алмасу бағдарламаларын жүзеге асырады.

Университеттердің ынтымақтастығы 2021 жылы басталды, осы кезеңде бакалавриат студенттеріне арналған «Есеп және аудит», «Экология» және «Биология» қос дипломды білім беру бағдарламалары іске қосылды.

Белгіленген серіктестік қатынастар қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмауға мүмкіндік береді, сондықтан жақын арада университеттер «Экономика» және «Химия» бағыттары бойынша жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеуді жоспарлап отыр.

 

Қабылдау комиссиясы