ҚӨУ педагогикалық институтының студенті - Олеся Балацко мектеп оқушыларына оқуда көмек көрсететін платформа іске қосуды ұсынады.
– Community service пәнінде біз еріктілік пен болашақ мамандығымызға қатысты жобаларды әзірледік, – дейді болашақ физика пәні мұғалімі. – Мектепте кездескен қиындықтарды есіме түсіріп, осындай идея пайда болды.
Бұл идея – «толық емес репетиторлықты» ұсыну туралы. Платформада оқушылар өздеріне қиындық туғызатын тақырыптар бойынша сұрақтарын қоя алады. Тегін. Кез келген пән бойынша!
– Мысалы, тапсырманың шешу жолын түсіне алмай отыр делік. Ал болашақ мұғалім-студенттердің тәжірибесі көбірек, олар көмектесе алады. Сонымен қатар, бұл балалармен кәсіби қарым-қатынас жасау дағдысын дамытуға керемет мүмкіндік. Біз жай ғана жауап бермейміз, тақырыпты нақты түсіндіреміз. Қажет болған жағдайда ҚӨУ-дегі оқу процессі туралы кеңес те бере аламыз.
Олеся жобаны Telegram-да іске қосуды ұсынып, Baitursynuly University студенттеріне үндеу жолдайды – КІМ МЕНІМЕН БІРГЕ?
«Помогатор» жобасын іске асыруға қатысқысы келетіндер WhatsApp арқылы +7-775-978-22-25 нөміріне жаза алады.
Мектеп оқушылары, жаңа оқу жылына дейін бәрі сәтті болсын деп тілейік!