12-16 қыркүйек аралығында Рига қаласындағы ESA университетінде Эразмус+ жобасы аясында «Университеттердің білім беру бағдарламаларында (UXiship) пәнаралық модульдік курстардың көмегімен стартаптарды дамытуда АКТ мамандықтары студенттерінің құзыреттерін белсендіру» атты жоспарланған кездесу өтті.
Кездесуде жобалардан Ресейдің кетуіне байланысты қазақстандық серіктестер арасындағы жауапкершілікті бөлу, жобаны одан әрі жүзеге асыру шарттарының өзгеруіне байланысты бюджетті қалыптастыру міндеттері, күнтізбелік жоспар қарастырылды.
А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті жобада ұлттық үйлестіруші және серіктес университет ретінде әрекет етті. ҚӨУ-нің атынан UXiship жобасының үйлестірушісі Игорь Кошкин қатысты. Барлық мәселелер сәтті шешілді, серіктес университеттердің міндеттерін нақтылайтын жаңа іс-шаралар жоспары қабылданды. Қабылданған өзгерістер ЕО қарауына жіберілді.
Сонымен қатар, қыркүйек айының 14-16 аралығында жобаға қатысушылардың жұмыс топтары үшін әртүрлі жұмыс пакеттері аясында әртүрлі тақырыптар бойынша онлайн тренингтер өткізілді:
UXiship жобасының жұмыс тобы мүшелері, Қостанай өңірлік университетінің қызметкерлері Гүлмира Дамбаулова, Андрей Коваль, Дамир Мнайдаров, сондай-ақ Электр энергетикасы кафедрасының докторанттары Сергей Пушкарев, Анастасия Огаркова және АКТ, инженерлік білім беру бағдарламаларының магистранттары онлайн вебинарларға белсенді қатысты. Бұл дәрістер жұмыс топтарының зерттеушілеріне оқу процесінде материалдарды пайдалану кезінде өте пайдалы болады.