object(DateTime)#1026 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-06-30 22:29:04.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Эразмус + жобасы аясындағы семинар

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде «Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақ агроөнеркәсіп жүйелері саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жетілдіру» Эразмус+ жобасы аясында «Ғылыми зерттеулердің заманауи әдістері» тақырыбында семинар өтті. Семинарға SAGRIS жобасындағы университеттер қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты - «Ғылыми зерттеудің заманауи әдістері» модулі бойынша дайындалған оқу материалдарын тестілеу, «Зерттеу деректерін басқару» және «Ғылыми басылымдарды, оның ішінде әдебиеттермен зерттеу жұмысының әдістерін дайындау» тақырыптарын ұсыну. Семинар шеңберінде қатысушыларға ұсынылған материалдарды талқылау және оқыту әдістерін қолдану бойынша тәжірибе алмасу, мазмұнын инновациямен толықтыру мүмкіндігі берілді. Сонымен қатар ұйымдастырушылар семинарға қатысушылардың кері байланысын күтті, олардың ұсыныстарын тыңдағысы келді.

Спикерлер әзірленген материалдарды орыс тілінде ұсынды, серіктестер үшін пікірталас аудармамен ағылшын тіліне ұйымдастырылды.

Қабылдау комиссиясы