Erasmus+: жоспар мен перспективалар

Baitursynuly University интернационалдандыру және академиялық ұтқырлық басқармасының басшысы Нагима Манасбаева бастаған делегация Erasmus+ бағдарламасының Ақпараттық күніне қатысты.

Іс-шара Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтті (Астана). Оның басты тақырыбы Erasmus+ бағдарламасының 2025 жылға арналған жоспары, жаңа енгізілімдері, перспективалары және білім беру бастамаларына арналған инновациялық шешімдерді іздеу болды.

Baitursynuly University өкілдері үшін Erasmus+ бағдарламасының Ақпараттық күніне қатысу пайдалы тәжірибе болды. Алынған білім мен орнатылған байланыстар халықаралық жобаларды тиімді жүзеге асыруға және ҚӨУ студенттері мен қызметкерлері үшін таптырмас мүмкіндіктер береді.

Қабылдау комиссиясы