object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-26 01:44:48.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Елордадағы ғылыми тағылымдама

2022 жылдың 14-25 ақпан аралығында ғылыми-педагогикалық бағыттағы 7М01501-Биология және 7М01505-География пәндерінің 2 курс магистранттары Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана ботаникалық бағында" және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Ұлттық биотехнология орталығында" ғылыми тағылымдамадан өтті.

Тағылымдамадан өту кезінде магистрлік диссертация тақырыбы бойынша теориялық материалдар, сондай-ақ гербарий қорымен және оны өңдеу, сақтау технологиясымен жұмыстың әдіснамалық және практикалық негіздері зерделенді. Гербарий үлгілерін сақтау әдістемесі мен өсімдіктерді сәйкестендіру әдістемесі зерттелді. Ботаникалық бақтың гербарий қорымен ғана емес, сонымен қатар IPNI, GBIF, Plantarium халықаралық базаларымен де жұмыс жасалды. Сонымен қатар ҚӨУ-нің магистранттары Ұлттық биотехнология орталығында полимеразды тізбекті реакцияны жүргізу, ДНҚ бөлу, ДНҚ жиілігі мен концентрациясын анықтау, жүйелеу алдында ДНҚ үлгілерін тазарту және жүйелеу бойынша практикалық білім алды. Ғылыми тағылымдамадан өту нәтижесінде жиналған материал ғылыми жұмыс жазу үшін пайдаланылады, оның соңғы нәтижесі магистрлік диссертация болып табылады.

Қабылдау комиссиясы