А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде "Erasmus+" бағдарламасының "ELBA" жобасы аясында «Орталық Азияда үлкен деректерді зияткерлік талдау бойынша оқу және зерттеу орталықтарын құру және курстар әзірлеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Жоба қатысушылары жоба үйлестірушісі болып табылатын Сантьяго-де-Компостела университетінде (Испания) тренингтерден өтті. Дөңгелек үстел жұмысы барысында әріптестеріміз Испанияда алған тәжірибелерімен бөлісті.
Ағымдағы жылдың 2 қарашасы мен 12 қарашасы аралығында осы жоба аясында жоспарланған алғашқы тренинг өткізіліп, оған Орталық Азияның 12 университетінің өкілдері қатысты.
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетін бұл тренингте Бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасының 3 жобаға қатысушысы таныстырды.
Тренингке қатысушылар Apachi, Docker, Hadoop, Yarn, Kubernetes және басқалары сияқты үлкен деректермен жұмыс істеу үшін қолданылатын алған білімдері, технологиялар туралы айтты. Олар үлкен деректердегі мәтінмен жұмыс жасау технологиялары, мәтінді қалай іздеу, оны алу, өңдеу, білім алу, табиғи тілді өңдеу және тағы басқалар туралы үлкен мәліметтермен де, заманауи іздеу жүйелерімен де жұмыс жасау туралы әңгімелесті.
Сондай-ақ, қатысушылар "CESGA" суперкомпьютерлік есептеу орталығы және Сантьяго-де-Компостела университетінің "CiTIUS" зерттеу орталығы туралы сөз қозғады.
Бұл тренинг соңғы емес, жоба жоспарында Италия мен Словения елдерінде тағы 2 тренинг өтеді, оған жобаның басқа қатысушылары барады.
Естеріңізге сала кетейік, ELBA жобасы Орталық Азия елдеріндетсаламен ынтымақтастық арқылы жүзеге асырылатын ауқымды деректерді зияткерлік талдау бойынша (IBDA) бакалаврлар, магистранттар мен инженерлік іс мамандары үшін модульдік курстардың пәнаралық пакетін әзірлеу және енгізу арқылы академиялық әлеуетті жақсартуға бағытталған. Осыған байланысты Еуропа университеттерінде осы саладағы оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру үшін тренингтер өткізіледі.