object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-05-23 23:18:11.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Инженерлік білім беруді дамытудың ТИІМДІ ҮЛГІСІ

Бүгін Қостанайда ҚР Ұлттық инженерлік академиясы Президиумының көшпелі кеңейтілген отырысы өтуде. Баяндамашылар қатарында ҚӨУ ректоры бар.

Делегацияны ҚР ҰИА президенті Бакытжан Жумагулов бастап келді. Іссапар аясында ол Baitursynuly University барды.

- Мен ҚӨУ-дің құрметті профессоры екеніммен мақтанамын, — деді Бакытжан Турсынович. — Қостанай өңірлік университеті кадр даярлау бойынша алдыңғы қатарда. Болашақта бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткізетініне сенемін.

Кеңейтілген отырысқа Қостанай облысы әкімдігінің, өңірдегі ЖОО-лар мен колледждердің, жетекші кәсіпорындардың және «Атамекен» Ұлттық палатасының өкілдері қатысты.

Ректор өз баяндамасында университет тәжірибесі негізінде білім, ғылым және өнеркәсіп интеграциясы туралы айтты.

- Бүгінде инженерлік білім беру жаһандық өзгерістердің алдыңғы шебінде тұр. Заманауи өзекті мәселелерді елемеуге болмайды, — деді Сейтбек Бекенұлы. — Өңірлік өнеркәсіпке қазіргі өндірістік ортаға бейімделген, әмбебап, цифрлық сауаты жоғары, практикалық дағдылары мықты инженерлер қажет.

Серіктестердің қолдауымен студенттердің кәсіпорындарға бейімделу үдерісін жеңілдетуге қол жеткіздік, бұл олардың жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырды. Дуалды білім беру аясында студенттер Allur, KIA, AGROMASH, KamLitKZ, Олжа Агро секілді кәсіпорындарда оқып, жұмыс істейді.

Жас мамандардың тез бейімделуіне арналған «Колледж-Университет» интеграциялық білім беру бағдарламасы әзірленді. Осыған сәйкес бакалавриаттың 17 білім беру бағдарламасы бойынша оқу мерзімі қысқартылды.

ҚӨУ-дің барлық студенттері жасанды интеллект курсын өтті. Университет цифрлық білім беру экожүйесін белсенді дамытып, студенттерге заманауи технологияларды игеруге жол ашуда.

Ректор ҚӨУ-дің шетелдік ЖОО-лармен табысты ынтымақтастығын да атап өтті. 2024 жылдың қыркүйегінен бастап University of Minnesota Morris (АҚШ) университетімен «Computer science» бойынша қос дипломды бағдарлама іске қосылды.

2025 жылдың қыркүйегінен бастап Оңтүстік Кореядағы Dong-Eui University машина жасау бойынша қос дипломды бағдарлама жұмысын бастайды. Биыл ҚӨУ-дің заманауи техносаябағын ашу жоспарланып отыр.

Ол өңірдің технологиялық дамуына жаңа серпін беретініне сенімдіміз.

Қабылдау комиссиясы