object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-04-30 14:42:45.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

«ECOSTUDENT»: сөзбен де, іспен де!

ҚӨУ педагогикалық институтында экология тақырыбындағы бейнероликтер байқауының қорытындысы шықты.

«Экология және тіршілік қауіпсіздігі» пәнін оқу аясында және Жер күніне орай «Биология», «Психология және педагогика», «Химия» және «География» білім беру бағдарламаларының студенттері арасында «ECOStudent» бейнероликтер байқауы өткізілді.

Байқауға 30-дан астам жұмыс келіп түсті. Қазылар алқасы эмоционалдық, ақпараттылық, жаңашылдық және экологиялық мәселелерге назар аударды.

Бұл байқаудың прототипі ретінде оқушыларға арналған республикалық «ProEco» байқауы алынған болатын.

Бұл кездейсоқ емес, себебі дәл осы байқауға облыс бойынша жұмыстарды іріктеумен біздің оқытушылар айналысады.

ЖОО деңгейінде педагогтар студенттерге қандай роликтер сұранысқа ие екенін, қандай тақырыптар өзекті екенін көрсетуді мақсат етті. Өйткені бүгінгі студент – ертеңгі ұстаз. Олар оқушыларға болашақта «ProEco» байқауына қатысуға көмектесетін болады.

Қуаныштысы студенттер өз жұмыстарында тек экологиялық мәселелерді көрсетіп қана қоймай, олардың шешу жолдарын да ұсынды. Ал кейбіреулері тіпті Тобыл өзенінің жағалауында, балалар алаңдарында, көшелерде қоқыс жинау жұмыстарымен айналысып, республикалық «Таза Қазақстан» акциясын қолдады.

1 дәрежелі диплом иегерлері:

2 орын:

3 орын:

Студенттерді шын жүректен құттықтаймыз! Сіздермен мақтанамыз!

Қабылдау комиссиясы