Бүгін Baitursynuly University-не Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ректоры Ербол ИСАКАЕВ бастаған делегация келді. Сапардың мақсаты - машина жасау саласы үшін кадрлар даярлау тәжірибесімен алмасу.
ҚӨУ-дің жұмыс берушілермен ынтымақтастық моделін жақсырақ түсіну үшін СҚУ өкілдері Қостанай облысының бірқатар машина жасау кәсіпорындарын аралады. Онда олар қатарында өзіміздің студенттеріміз бар мамандар мен жұмыс процесімен танысты. Дуальды оқыту бағдарламасының арқасында студенттер оқу мен жұмысты қатар алып жүріп, кәсіби дағдыларды тікелей өндірісте меңгеруде.
Сонымен қатар, ҚӨУ мен СҚУ арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында делегация Baitursynuly University-нің инфрақұрылымымен танысты: ҚБ ҒЗИ, smart-орталық, ауыл шаруашылығы ғылымдары факультеті, сондай-ақ машина жасау, энергетика және ақпараттық технологиялар факультеті.
Университет өкілдері инженерлік кадрларды даярлаудың озық әдістерін, зерттеу бастамаларын қолдау, кәсіпорындарда тағылымдамадан өту және болашаққа арналған бірлескен жоспарлар мен перспективаларды талқылады.