object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-19 18:53:06.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Дуалды оқытуды жүзеге асыруға бағытталған үш жақты келісім

Бүгін Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы «Журналистика» білім беру бағдарламасы бойынша дуалды оқытуды жүзеге асыруға бағытталған үш жақты келісім жасады.

Меморандумға университет ректоры Алма Дощанова, облыстық БАҚ басшылары және білім алып жатқан мамандықтары бойынша қызмет істеп жүрген студенттер қол қойды.

Өздеріңіз білетіндей, дуалды оқыту жүйесі маманды бір уақытта екі бағытта – теориялық және практикалық бағытта дайындауды көздейді, яғни студент ЖОО-да базалық білім алса, ал практикалық дағдыларды кәсіпорында, журналистер бұқаралық ақпарат құралдарында жинақтайды. Қазіргі уақытта Журналистика ББ-ның 7 студенті облыстың бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет етуде. Бұл студенттер оқу орнын бітіргеннен кейін осы жұмыс орнында қызметін жалғастыра береді.

Студенттердің кәсіби дағдыларын дамыту мақсатында 2011 жылы «Кәсіби және шығармашылық шеберхана» пәні енгізілген болатын. Аталмыш пәннің аясында 3-курс студенттері келісім-шарт жасасқан кәсіпорындарға жетісіне бір рет тәжірибе сабақтарына барады. Бүгінгі таңда кафедра мамандықтарының 7 практикалық базасы бар, 22 БАҚ-пен студенттердің тәжірибеден өтуі үшін келісім жасалған.

Қабылдау комиссиясы