object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-23 07:28:07.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ-ІС ЖҮЗІНДЕ!

«Машина жасау» БББ 1 курс білім алушылары үшін жаңа оқу әдеттегідей оқу аудиторияларында емес, 1 қыркүйектен бастап машина жасау кафедрасы дуальды оқыту нысаны бойынша болашақ мамандарды даярлауды жүзеге асыра бастаған зводта басталды. Бұл А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ мен «Камлиткз» ЖШС өндірістік кәсіпорны арасындағы қол қойылған меморандумның арқасында болуы мүмкін. Өздеріңіз білетіндей, дуальды оқыту студент ЖОО-да базалық білім алған кезде ЖОО мен өндірістің өзара іс-қимылын қарастырады, ал практикалық дағдылар кәсіпорында, яғни зауытта пысықталады. Осылайша, екі бағыт бойынша теориялық және практика түрінде дебілікті мамандарды даярлаудың тиімділігі артады.

1 курс студенттері екі ағынға бөлінеді, екеуі де зауытта практикалық дағдыларды үйренгеннен кейін сабаққа кіріседі. 1 қарашаға дейін олар ЖОО қабырғасында семестр пәндері бойынша теориялық білім алады, содан кейін «Камлиткз» ЖШС-де практикалық дағдыларды жетілдіруді жалғастырады. Әзірленген бірлескен білім беру бағдарламалары екі тарап үшін де тиімді: білім алушыларға олар жақсы теориялық және практикалық база құруға, өндіріске бейімделуге, ал зауытқа – дайындалған білікті кадрлар алуға мүмкіндік береді. Осылайша, ЖОО-ды бітіргеннен кейін студенттер зауытта жұмысын жалғастырады. Айта кету керек, дипломдық жобаларға арналған тақырыптар кәсіпорынның проблемаларына байланысты таңдалады, ал жобаларды қорғаудың өзі зауыт аумағында өтеді.

 

 

Қабылдау комиссиясы