object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-16 05:21:42.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Dong Eui University: оданәрі - көбірек!

Бүгін біз Dong Eui University (Оңтүстік Корея) университетінің қонақтарын қарсы алдық.

Бұл оқу орнымен ҚӨУ арасында берік серіктестік қатынастар орнатылған. Меморандум аясында өткен оқу жылында біздің екі студент «Машина жасау» бағыты бойынша академиялық ұтқырлық аясында Dong Eui-де оқыды.

Маусым айында олар жақсы нәтижелермен оралды. Биылғы оқу жылында ҚӨУ он студенті Оңтүстік Кореяның жоғары оқу орнында оқитын болады. Бесеуі сонда!

Baitursynuly University ректоры Сейтбек Қуанышбаев қонақтар үшін корей тілін оқыту орталығының сабақтары өтіп жатқан біздің университеттің аудиторияларына экскурсия өткізді.

Осы оқу жылынан бастап біздің студенттер корей тілін тікелей ҚӨУ оқи алады. Осы орталықтың ашылуы – біздің халықаралық ынтымақтастығымыздың тағы бір артықшылығы.

Қазірдің өзінде ҚӨУ мен Dong Eui University арасында қос диплом бағдарламасын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды. Бүгін басқа ауқымды жобалар туралы да сөз болды. Әрі қарай - тек көбірек!

Қабылдау комиссиясы