Биыл Baitursynuly University студенттері Ақансері ЕЩАН мен Томирис РАИСОВА Еуропаның орталығы, Литваның Каунас қаласында білім алып жатыр. Бұл таптырмас мүмкіндік оларға “қос дипломды” бағдарлама арқылы берілген.
Ақансері мен Томирис – «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының студенттері. Жыл соңына дейін олар Великий Витовт университетіндегі дәрістерге қатысып, жаңа білім алады.
- Бізге қала түрлі түстермен «сәнделіп» тұрған күз айында Каунас қаласына келу бақыты бұйырыпты! – дейді Томирис РАИСОВА. – Қалада студенттік өмірдің атмосферасы өте ерекше сезіледі, әрі бұл қала біз үшін өте жайлы. Университет те маған қатты ұнады, мұнда оқу мен демалыс үшін барлық жағдай жасалған. Мен бірден көптеген жаңа таныстар таптым, осының арқасында айналама тез бейімделдім.
Студенттер сабақтар ағылшын тілінде өтетінін айтты, бұл - тілдік дағдыларды жетілдіру үшін жақсы мүмкіндік береді. Ал оқу аяқталғаннан кейін олар бірден Baitursynuly University мен Литвалық серіктес университеттерінің қос дипломын алады.