object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-24 04:49:03.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

СТЕЙКХОЛДЕРЛАРМЕН ДИАЛОГ

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы келешегі зор ынтымақтастық, бірлескен оқу бағдарламаларын дайындау, мұғалімдерді оқытудағы сабақтастық және тәжірибе алмасу үшін мүдделі тараптармен «Университеттің желілік өзара әрекеттесуі болашақ мектепке дейінгі және бастауыш білім беру педагогтарының кәсіби құзыреттіліктері мен бәсекеге қабілеттілігін дамыту факторы ретінде» атты диалог алаңын өткізді.

Диалог алаңына шақырылған қонақтардың қатарында педагогикалық колледж бен облыстағы мектеп мекемелерінің өкілдері болды.

Кездесу барысында басқарма басшысы Елена Ли қонақтарға «Бастауыш білім беру әдістемесі» және «Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру» жаңа білім беру бағдарламаларын таныстырды, аталмыш ББ-ы туыстас мамандықтарда оқитын колледж түлектеріне А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-де 2 жылда жоғары білім алуға мүмкіндік береді.

Дөңгелек үстелде мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының оқу-тәрбие процесіне ұсынылған құжаттарды тиімді енгізу мәселелері талқыланды.

Одан әрі А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті мен жұмыс берушілер арасында бәсекеге қабілетті педагог даярлауды жетілдіру бойынша өзара іс-қимыл шараларын жетілдіру туралы шешім қабылданып, сапаны арттырудың өзекті мәселелері талқыланды.

Кафедра «Бастауыш білім беру әдістемесі» және «Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру» білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, оқу үрдісіне енгізу бойынша сындарлы ұсыныстар айтқан мүдделі тараптар мен кафедра оқытушыларына, студенттерге, кафедра түлектеріне алғысын білдіреді.

Қабылдау комиссиясы