Өңіріміздің агрономия тарихында аты мәңгілікке жазылған аграном Рамазан Тлеофтың отбасының жақсы бастамасы жалғасын тапты. Биыл агроном-новатор, қоғам қайраткерінің туыстары Baitursynuly University “Агрономия” ББ 2 курс студенті - Константин ПУХЛИЙДІҢ оқу ақысының жартысын төледі.
Бұл Тлеофтар отбасының қаржылай қолдауымен оқып жатқан төртінші студент.
- Әкем туған жеріне көп уақыт, күш және білімін арнады, - дейді агрономның қызы Гульнара Тлеоф. – Біз оның ісінің жалғасын тапқанын қалаймыз, сондықтан жас әрі перспективті болашақ агрономдарға гранттар тағайындадық.
Константин Пухлий дәл осындай студент. Ол дарынды, белсенді, жаңашыл. Ол Тлеофтар отбасына оқуын тегін жалғастыру мүмкіндігін бергені үшін алғыс айтып, аймақтың ауыл шаруашылығын дамытуға өз үлесін қосуға уәде берді.
Айтпақшы, бұл жақсы дәстүрдің тағы бір керемет жағы бар. Бұрын Тлеофтар отбасы қолдаған Динара Әнуар, Станислав Заворотный және Алина Сорокина тамаша нәтижелер көрсетіп, кейін мемлекеттік грантпен оқуын жалғастырды.