Baitursynuly University «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері импровизацияланған сот процесіне қатысты. Процесс қойылымдық сипатта болғанымен, студенттер нағыз кәсіби мамандардан тәжірибе жүзінде білім алу мүмкіндігіне ие болды: сот Анара Шаймурунова, прокурор Еркин Курманалинов және адвокат Булат Абишев.
«Қазақстан Республикасының қылмыстық- процестік құқығы» пәні бойынша іскерлік ойынды жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.
Процесс барысында қылмыстық кодекстің төрт бірдей бабы қаралды: «Аса ірі көлемдегі алаяқтық», «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру», «Пара беру» және «Қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану».
Сот пен прокурор, адвокаттың пікірлері оқу процесін шынайы сот тәжірибесіне барынша жақындатты.
Оқытушылардың айтуынша, осындай тәжірибеге бағытталған іс-шаралар студенттер үшін аса маңызды. Олар болашақ заңгерлерге құқық қолдану тетіктерін тереңірек түсініп, кәсіби қызметке бейімделуге көмектеседі.