2021 жылдың 30 сәуірінде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде «5В010500 (6В01901) Дефектология» білім беру бағдарламасы бойынша ХІІІ Республикалық пәндік студенттік олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Ұйымдастырушы – Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институттың арнайы білім беру кафедрасы.
Олимпиадаға 11 команда қатысты, оның ішінде: «Болашақ» университеті, Silkway Халықаралық университеті, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Орталық Қазақстан Академиясы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Павлодар педагогикалық университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті.
«5В010500 (6В01901) Дефектология» білім беру бағдарламасы бойынша XIII Республикалық пәндік студенттік олимпиаданы өткізу үшін Қостанай қаласы мен Қостанай облысының ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарының басшылары мен жоғары білікті мамандарынан тұратын қазылар алқасының құрамы бекітілді.
Студенттік командалар «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық технологиялар» тақырыбындағы ғылыми жобаларын қорғады және «Арнайы педагогика», «Арнайы психология» және «Инклюзивті білім беру» пәндері бойынша жеке тестілеуге қатысты.
Ғылыми жобаларды қорғау конкурсының номинанттары мен жеңімпаздары:
Гран-при иегері - «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің» «Free students» командасы.
1 орын Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Senim» командасына берілді.
2 орынды Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің «Жан Жылуы» командасы мен Орталық Қазақстан Академиясының «Болашақ» командасы өзара бөлісті.
3 орынды да екі бірдей команда иеленді: Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Халел дефектологтары» командасы және Павлодар педагогикалық университетінің «IT-тьюторы ППУ» командасы.
Жеке тестілеу нәтижелері бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
I орын - Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенті Валентина Мартыневская, тестілеу нәтижесі - 22 ұпай.
II орын - Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенті Аяжан Ерланқызы, тестілеу нәтижесі - 16 ұпай.
III орын - «Болашақ» университетінің студенті Шолпан Ермағанбет, тестілеу нәтижесі - 15 ұпай.
Жүлделі орындарға ие болған студенттер ҚР БҒМ дипломдарымен марапатталды.