object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-25 23:45:45.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Дарынды балаларға дарынды мұғалім

Ө.Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институтта студенттердің, магистранттардың педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметтерін арттыруға бағытталған «Дарынды балаларға дарынды ұстаз» олимпиадасының 1-кезеңі өтті.

Олимпиаданы Педагогика және психология кафедрасы мен Инновациялық білім беру технологиялары орталығы «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығымен бірлесіп, педагогикалық мамандықтардың студенттері мен магистранттары үшін ұйымдастырды.

Сайыс бірнеше кезеңде өтті. Бірінші тур – «Мен жас ғалыммын» өзін-өзі таныстыру кезеңі. Мұнда сайыскерлер өздері қатысқан ғылыми зерттеулері туралы айтып берді.  Екінші кезеңде мақала, баяндама, ғылыми-зерттеу жұмыстары, студенттік жоба жанрларында ұсынылған инновациялық жобаларды қорғады. Бұл тапсырмаларда олимпиадаға қатысушылар шығармашылық көзқарастарын, педагогикалық шеберліктерін, дағдыларын көрсетті.

Педагогика және психология кафедрасының профессорлары Римма Бектұрғанова, Бәтима Даумова, Бибігүл Өтегенова және Татьяна Смаглийден құралған қазылар алқасы олимпиадаға қатысушылардың білімдерін лайықты бағалады.

Олимпиада жеңімпаздары Яна Дмитриенко (6В01201-ДиНО, 4 курс), Айсұлу Жаңбырбаева (6В0130-ПМНО, 4 курс), Әділ Жаңабаев (6М01504-Химия) және Ирина Марченко (7М01101-ПиП) облыстық және республикалық олимпиадаларға қатысады.

Шараның басты мақсаты – мұғалім мамандығының беделін көтеру, педагогтардың өзін-өзі жетілдірудегі кәсіби қажеттіліктерін қолдау.

Қабылдау комиссиясы