object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-09-12 03:41:17.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Coursera: халықаралық деңгейде мойындалған жетістік

Coursera халықаралық конференциясында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Learning Hero атты беделді марапатқа ие болды. Бұл сыйлық – білім беру ісіне тың серпін беріп, елдер мен салалар көлемінде цифрлық құралдарды кеңінен енгізіп жүрген тұлғаларға көрсетілетін ерекше құрмет.

Бүгінде Қазақстанда білім саласын цифрландырудың әлемдегі ең ауқымды бағдарламаларының бірі табысты жүзеге асып келеді. Соның нәтижесінде жетекші цифрлық ресурстар студенттер үшін қолжетімді болды. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы КРУ-де 2025 оқу жылына қарай Coursera платформасындағы курстарға 500 лицензия қарастырылған.

Университет ұжымы жаппай ашық онлайн-курстарды (ЖАОК) оқу бағдарламаларына енгізу және оларды оқу процесінде тиімді пайдалану мақсатында арнайы Іс-шаралар жоспарын әзірледі. Курстар қазіргі таңда ең сұранысқа ие бағыттарға ықпалдастырылған: жасанды интеллект пен робототехника, әлеуметтану, өнер мен мәдениет саласындағы инновациялар, саясаттану, мектепке дейінгі білім беру, тілдерді оқыту және басқа да көптеген салалар қамтылды.

Бүгінгі күнге дейін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы КРУ студенттері 1442 халықаралық сертификатқа қол жеткізді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып, жылдан-жылға қарқын алуда.

Қабылдау комиссиясы